Alstom компаниясы Қазақстандағы теміржол көлігінің барлық түрлеріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған алғашқы орталықты ашты
Alstom компаниясы Қазақстандағы теміржол көлігінің барлық түрлеріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған алғашқы орталықты ашты
Press contact - Coralie Collet
Coralie Collet
Send an emailPress contact - Western and Central Asia
Aizhan Aldabergenova
Send an email-
Орталықты құруға салынған инвестициялар 15 млн еуроны құрады
-
100-ден астам жұмыс орны құрылды
-
Номиналды өнімділігі – жылына 150 арбаны жасап шығару және 300 арбаны күрделі жөндеу
2023 жыл, 29 тамыз – Alstom компаниясы, зияткерлік және орнықты мобильділік саласындағы әлемдік көшбасшы, Астанада бүкіл өмірлік цикл бойына теміржол көлігінің барлық түрлеріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған арбаларды өндіру және жөндеу орталығын алғашқы болып ашты. Жаңа орталықтың алаңы 8000 шаршы метрден астамды құрайды. Alstom-ның Қазақстандағы даму жоспары аясында, компания арбаларды өндіру және жөндеу жөніндегі орталықты құруға 15 млн еуродан астам инвестиция салып, 100-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етті.
Alstom компаниясының басым міндеттері-құрамдас бөліктердің қызмет ету мерзімін ұзарту, тиімді техникалық қызмет көрсету жоспарлары және максималды пайдалану дайындығын қамтамасыз ету үшін жетілдірілген күйге негізделген техникалық қызмет көрсету функциялары сияқты шаралар арқылы операторлар үшін меншіктің жиынтық құнын оңтайландыру. Alstom өндірген арбалар жоғары беріктілігімен ерекшеленеді және әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ, қайта өңдеуге 98% жарамды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығы жабдық өндірушілерінің білімі мен технологиясын инновациялық әзірлемелермен біріктіреді.
Alstom өмірлік циклді басқару және техникалық шешімдер арқылы арбалар мен олардың құрамдастарының мінсіз жай-күйін жөндеу және күрделі жөндеу арқылы қалпына келтіре отырып, әртүрлі қызметтерді ұсынады. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығы дөңгелек жұптары мен тербеліс бәсеңдеткіштерін жөндеуді, 3D-өлшемдерін, бұзбайтын бақылауды, дөңгелек жұптары мен қозғалтқыштардың сынақтарын, сондай-ақ цифрлық өндірістік процес негізінде жүзеге асырылатын осыған байланысты басқа да жұмыстарды қамтитын арбалардың тораптарын жөндеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталық Alstom компаниясы өндірмеген теміржол көлік құралдарының құрамдастарына қызмет көрсете алады.
«Бұл озық өндірістік объект Қазақстанда Alstom компаниясының индустрияландыруын дамытудың нәтижесі болды. Арбаларды өндіру және жөндеу орталығымыз 25 жыл бойы Alstom жүк және жолаушылар электровоздарына толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарып келеді. Инновациялық жабдықтар мен қызметтердің толық спектріне ие бола отырып, біз Қазақстанда мобильділікті қамтамасыз етудегі сенімді серіктес ретінде қолдау көрсетуге қуаныштымыз», – деп, Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директор Қанат Алпысбаев атап өтті.
-
€15 MОрталықты құруға салынған инвестициялар 15 млн еуроны құрады
-
100100-ден астам жұмыс орны құрылды
-
200Номиналды өнімділігі – жылына 150 арбаны жасап шығару және 300 арбаны күрделі жөндеу
Flexx™ арбалары бойынша ұсыныс шеңберінде Alstom компаниясы теміржол көлігінің әртүрлі қажеттіліктеріне сай келетін жеңіл рельсті пойыздардан бастап жоғары жылдамдықты пойыздарға дейін өнімдердің ең кең модельдік қатарын ұсынады. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық қызметке үздіксіз инвестициялар Alstom арбаларына жоғары сенімділікті көрсетуге, иеленудің жиынтық құнын оңтайландыруға және жолаушылар үшін анағұрлым жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Alstom компаниясы Flexx Consult™ қызметтерін, оның ішінде дөңгелектер мен рельстердің профильдері арасындағы оңтайлы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін дөңгелектердің рельстермен өзара іс-қимылының зерттеулерін ұсынады, бұл пайдалану сипаттамаларын жақсартуға және дөңгелектердің де, рельстердің де өмірлік циклінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Alstom компаниясы Батыс және Орталық Азияда 1000-нан астам қызметкер штаты, Қазақстанда, Әзербайжан мен Өзбекстанда үш өкілдігі, бес қоймасы, сервистік орталығы және екі зауыты: Астана қаласындағы электровоздарды өндіру мен оларға қызмет көрсету және тартым трансформаторларын шығару жөніндегі ЭҚЗ мен Алматы қаласындағы бағыттамалық бұрмаларды өндіру жөніндегі КЭП бар.
Alstom™ ALSTOM компаниялар тобының сауда белгісі болып табылады.