Alstom компаниясы өткен жылы 2635 жұмыс орнын құруға ықпал етіп, Қазақстанның ЖІӨ-не 40 миллион еуродан астам үлес қосты. Бұл ақпарат ЕҮ-мен бірге дайындалған есепке
Alstom компаниясы өткен жылы 2635 жұмыс орнын құруға ықпал етіп, Қазақстанның ЖІӨ-не 40 миллион еуродан астам үлес қосты. Бұл ақпарат ЕҮ-мен бірге дайындалған есепке
Press contact - Western and Central Asia
Aizhan Aldabergenova
Send an email-
2010 жылдан бері жергілікті өндірістік қуаттарға 126 миллион еуро инвестицияланды
-
Қазақстандағы пойыздардан шығарынды автомобильдерден шығарындымен салыстырғанда гСО2/жолаушы-километр 89%-ға аз
-
Жергіліктендіру деңгейін 4%-дан 31%-ға дейін ұлғайту
2022 жылғы 3 қараша – Alstom компаниясы, орнықты және экологиялық таза мобильділік үшін шешімдер саласындағы жаһандық көшбасшы, Қазақстандағы ықпалы туралы алғашқы есепті жариялады. EY-мен бірлесе отырып әзірленген есеп Alstom компаниясының 2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде Қазақстандағы экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық шаралар саласындағы әлеуметтік-экономикалық үлесі мен мақсаттарын көрсетеді.
Alstom компаниясы бір мезгілде елдің өнеркәсіптік жоспарларын қолдай отырып, Қазақстанның көлік шешімдері саласындағы өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Астана қаласында Alstom жолаушылар және жүк электровоздары мен олардың тартқыш трансформаторлар және арбалар сияқты құрамдастарын өндіреді. Алматы қаласында Alstom еліміздің бүкіл теміржол желісі үшін бағыттамалық бұрмаларды шығарады.
"Біз осы есептің нәтижелерімен және елде жүргізіліп жатқан қызметтің ықпалымен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің табысымыз өз еліне қызмет етуге және қазақстандықтар үшін көлік шешімдерін ұсынуға ынталы жергілікті қызметкерлердің адалдығына негізделеді", - деп Alstom-ның Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры Қанат Алпысбаев атап өтті.
"Alstom компаниясы біздің тапсырыс берушілеріміз үшін анағұрлым экологиялық таза, зияткерлік және қауіпсіз көлік шешімдерін дамытуға, бірақ одан да маңыздысы - жергілікті әлеуетті ұлғайтуға ұмтылады. 2012 жылы локомотивтерді жергілікті өндіру деңгейі небәрі 4% құрады. Ал бүгін бұл көрсеткіш 31% құраса, 2025 жылға қарай 39% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл есеп Қазақстандағы ықпалымызды бағалау мен үнемі жақсартуға деген ұмтылысымызды көрсетеді", - деп Alstom-ның Африка, Таяу Шығыс және Орта Азия өңіріндегі президенті Эндрю ДеЛеон хабарлады.
-
2 635жұмыс орнын құруға ықпал еттік
-
€40млн.Қазақстанның ЖІӨ-не үлес қостық
-
89%гCO2 пойыздарымыздан шығарынды автомобильдерден аз
Біздің тапсырыс берушілеріміз таңдаған шешімдер қазақстандықтардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етеді және елдің теміржол желісін жаңғыртудың ажырамас бөлігі болып табылады. Анағұрлым жоғары жылдамдықтан, үлкен өткізу қабілеттілігінен және пайдалану дайындығының жоғары коэффициентінен бөлек, 250 жүк және 119 жолаушылар Prima локомотиві құрамдастарының 97%-ы қайталама қайта өңдеуге жарамды. Alstom-ның пайдаланушылық деректеріне негізделген EY бағалауы бойынша, Қазақстанда орналасқан, Alstom өндірген пойыздардың автомобильдермен салыстырғанда гСО2/жолаушы-километр шығарындылары 89%-ға аз және елде энергетикалық теңгерімде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану ұлғайған сайын СО2 шығарындыларының одан әрі төмендеуі байқалатын болады.
Alstom-ның Қазақстандағы ықпалы туралы біліңіз
Alstom™ мен Prima™ Alstom компаниялар тобының қорғалған тауар белгілері болып табылады.