Alstom Кристиан Мартинатині Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭҚЗ бас директоры етіп тағайындады
Alstom Кристиан Мартинатині Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭҚЗ бас директоры етіп тағайындады
Орта Азиядағы электровоздар шығаратын жалғыз зауыт
2021 жылғы 2 тамызда –Alstom компаниясы Кристиан Мартинатині Нұр-Сұлтан қаласындағы «Электровоз Құрастыру Зауыты» БК бас директоры етіп тағайындады. Бұл лауазымда Кристиан соңғы 4 жыл ЭҚЗ басқарған Жюльен Нодиді алмастырады. Кристиан машина жасау саласында 20 жылға жуық жұмыс істеп келеді әрі оның әлемнің әртүрлі елдерінде мобильділік саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесі бар.
Кристиан Мартинати Alstom компаниялар тобына осы жылдың басында Bombardier Transportation компанияны сатып алғаннан кейін қосылды. Алдыңғы лауазымында Кристиан Францияның Креспен зауытында өндірісті басқару үшін жауапты болды. Бұған дейін Кристиан Швейцарияның Вильнёв қаласында технологиялық бөлімді басқарды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін ол Астанада «ЭҚЗ»-да технологияларды беру бөлімінің басшысы, кейін өндіріс жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол Ресейдің Саратов қаласында жұмыс істеп, локомотивтер өндіру жөніндегі зауытты пайдалануға беру үшін жауапты болды.
Кристиан 1976 жылы дүниеге келді, ESIX France университетін бітірген және жалпы басшылық саласындағы магистр дәрежесіне ие.
«ЭКЗ» компаниясының дамуының жаңа кезеңіне қатысқанымды мақтан тұтамын. Соңғы жылдары әріптесім Жюльен Нодидің жетекшілігімен атқарған жұмысы үшін «ЭКЗ» қызметкерлеріне алғыс айтамын. «ЭКЗ» - өзінің сапасымен және бәсекеге қабілеттілігімен Alstom компаниялар тобында жақсы танымал дамыған әрі қуатты кәсіпорын. Біздің зауытымыз Қазақстанда көлік пен өнеркәсіптік стандарттардың тұрақтылығы мен экологиялығын арттыруға ықпал ете отырып, одан әрі дами түсетініне сенімдімін», - деп «ЭКЗ» БК бас директоры Кристиан Мартинати өз ойын білдірді.
Alstom компаниясы Батыс және Орталық Азияда 1000-нан астам адамды құрайтын қызметкерлер штатымен, Қазақстандағы, Әзербайжан мен Өзбекстандағы үш елдік кеңсемен, бес депомен, сервис орталығымен және екі зауытпен – Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар шығаратын және лоарға қызмет көрсету, сонымен қатар тартқыш трансформаторларды өндіруді жүзеге асыратын «ЭКЗ» және Алматы қаласындағы бағыттамалық жетектерді өндіретін «КЭП» зауыттарымен ұсынылған. Alstom елдегі мобильділік секторын қалпына келтіруге және экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келеді.
Alstom-ның бірлескен кәсіпорны «ЭҚЗ»-да 850 қызметкер жұмыс істейді. Бұл бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы ұлттық теміржол операторы «ҚТЖ» тапсырыс берген және шетелдік нарықтарға, мысалы, Әзербайжанға жеткізілетін Prima электровоздарын жеткізу мен оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.