Alstom компаниясы Қазақстанда толығымен құрастырылған алғашқы жолаушылар локомотивін шығарды

Әлемдегі ең әмбебап электровоздардың бірі енді Қазақстанда шығарылады

2021 жылғы 21 шілде –Alstom компаниясы Қазақстанда толығымен құрастырылған алғашқы жолаушылар  локомотивін шығарды. Бұған дейін, 2014 – 2016 жылдар аралығында 20 Prima KZ4AT жолаушылар локомотивін құрастыру Францияда жүзеге асырылған болатын. Қазақстанда шығарылған алғашқы № 0021 локомотив «Қазақстан темір жолына» (ҚТЖ) ойдағыдай пайдалануға берілді.

«Бүгін өте маңызды әрі есте қаларлық күн! Қазақстанда шығарылған алғашқы жолаушылар электровозын таныстырып, пайдалануға беру біз үшін үлкен мәртебе. «ҚТЖ»-мен жемісті ынтымақтастығымыз бен жергіліктендірудің ауқымды жоспарының арқасында жеке тапсырыс бойынша жасалған осы локомотив елде сағатына 200 километрге дейінгі жылдамдықпен жүретін болады. Бұл жаңа өнім Еуропадағы өндірістік алаңдарымызды қолдау арқасында жүзеге асыру мүмкін болған қосымша технологиялар трансфертінің нәтижесі болды. Қазақстандағы теміржол саласында айқын негізгі кәсіпорын болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭҚЗ» зауытымызда жинақталған мықты әлеует те жоғары дәрежелі өнім сапасын көрсетіп отыр», – деп хабарлады Alstom-ның Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры Гийом Триттер.

KZ4AT жолаушылар локомотивтерін жеткізу 2010 жылы қол қойылған кезінен бастап

«ҚТЖ»-мен 302 Prima T8 KZ8A жүк локомотивін және 119 Prima M4 KZ4AT жолаушылар локомотивін жеткізуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады.

«Бүгін өте маңызды әрі есте қаларлық күн! Қазақстанда шығарылған алғашқы жолаушылар электровозын таныстырып, пайдалануға беру біз үшін үлкен мәртебе. «ҚТЖ»-мен жемісті ынтымақтастығымыз бен жергіліктендірудің ауқымды жоспарының арқасында жеке тапсырыс бойынша жасалған осы локомотив елде сағатына 200 километрге дейінгі жылдамдықпен жүретін болады.»

Гийом Триттер
Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры

Бұл көпфункциялы локомотив операторларға жолаушылар тасымалы үшін ең оңтайлы шешімдерді ұсынуға арналған Alstom компаниясының Prima модульдік тұғырнамасына негізделген. Пайдалану тұрғысынан бұл әлемдегі ең әмбебап электровоздардың бірі. Ол жолаушылар тасымалы кезінде жылдамдығын сағатына 200 километрге дейін арттыра алады және -50°С-тан +50°С-қа дейінгі экстремалды ауа райы жағдайында ойдағыдай пайдалану үшін әзірленген. «ҚТЖ» техникалық талаптары негізінде және МЕМСТ[1] стандарттары мен техникалық шарттарға сәйкес әзірленген локомотив Alstom-ның технологиясы мен Alstom өндірген құрамдастарға негізделген озық тартқыш жүйемен жарақтандырылған.

Alstom компаниясының Prima модельдік қатары ауыр жүк, жүк және жолаушылар тасымалдарынан бастап маневрлік және жол жұмыстарына дейінгі локомотивтер нарығының барлық сегменттерін қамтиды. Соңғы 20 жыл ішінде бүкіл әлем бойынша 3200-ден астам Prima локомотиві (4600-ден астам секция) сатылды.

 

Alstom компаниясы Батыс және Орталық Азияда 1000-нан астам адамды құрайтын қызметкерлер штатымен, Қазақстандағы, Әзербайжан мен Өзбекстандағы үш елдік кеңсемен, бес депомен, сервис орталығымен және екі зауытпен – Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар шығаратын және тартқыш трансформаторларға қызмет көрсету мен оларды өндіруді жүзеге асыратын «ЭКЗ» және Алматы қаласындағы бағыттамалық жетектерді өндіретін «КЭП» зауыттарымен ұсынылған. Alstom елдегі мобильділік секторын қалпына келтіруге және экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Alstom-ның бірлескен кәсіпорны «ЭҚЗ»-да 850 қызметкер жұмыс істейді. Бұл бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы ұлттық теміржол операторы «ҚТЖ» тапсырыс берген және шетелдік нарықтарға, мысалы, Әзербайжанға жеткізілетін Prima электровоздарын жеткізу мен оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

[1] МЕМСТ: ТМД-да қолданылатын стандарттар

* Alstom TM және Prima TM Alstom компаниялар тобының қорғалған сауда белгілері болып табылады