Қазақстанның Алматы қаласында Alstom компаниясының 3000шы P80 бағыттамалық электр жетегі өндірістік желіден түсті
Қазақстанның Алматы қаласында Alstom компаниясының 3000шы P80 бағыттамалық электр жетегі өндірістік желіден түсті
Press contact - Western and Central Asia
Aizhan Aldabergenova
Send an email2020 жылғы 16 қаңтар – Alstom-ның теміржолға арналған электр жетек өндіретін ҚазЭлектроПривод[1] бірлескен кәсіпорны қазақстандық теміржол үшін 3000шы Р80 бағыттамалық электр жетегін өндірді. Р80 бағыттамалық электр жетегіне оның өмірлік циклі ішінде қызмет көрсету шығындарының төмендетілгендігі арқасында ол ұзақ мерзімге оңтайлы инвестицияға айналып отыр.
Алматы қаласындағы ҚЭП өнеркәсібінде өндірілетін Alstom компаниясының Р80 типті бағыттамалық электр жетегі ең аз мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің өте жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жасап шығарылған. Р80 бағыттамалық электр жетегі 180 шақ/сағ дейінгі жылдамдық кезінде және күрделі жөндеуден кейін қызмет ету мерзімі 15 жылға шектеусіз ұзартыла отырып, 20 жылға дейінгі коммерциялық пайдалану мерзімімен жұмыс істеу үшін сертификатталған. Alstom компаниясы әлемнің 30-дан астам елінде 50,000-нан астам бағыттамалық электр жетегін орнатқан.
«Біз «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ үшін 3000-шы P80 бағыттамалық электр жетегін жасап шығарғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл біздің өнімімнің берік екендігін және жергілікті инфрақұрылымға толық сәйкес келетіндігін дәлелдейді. Біз әріптесіміз ҚТЖ-ға бағыттамалық электр жетектерін жеткізуді жалғастырмақпыз», – деді ҚЭЖ БК Бас директоры Ирина Лукошкова.
Бағыттамалық электр жетегі – бұл теміржол көлігінде қолданылатын электрмеханикалық ауыстыру механизмі және де ол бағыттаманы жылжыту, бұғаттау және оған үздіксіз бақылау жасау үшін арналған.
2013 жылы құрылған ҚазЭлектроПривод өнеркәсібі ҚТЖ үшін 10,000 бағыттамалық электр жетегін жеткізуге арналған жалпы сомасы 90 миллион еуроға келісімшартты алды. Бүгінгі таңда Alstom компаниясы және «SOP Trade» ЖШС ҚЭП активтерін теңдей басқарады. Жалпы алаңы 2,870 шаршы метр жерде 50-ден астам адам ҚТЖ үшін P80 бағыттамалық электр жетектерін жеткізу бағытында еңбек етеді.
[1] ҚЭП – “ҚазЭлектроПривод” БК” ЖШС (50% Alstom, 50% SOP Trade)