Alstom компаниясы Қазақстанда жолаушылар локомотивтерін өндіруді бастады
Alstom компаниясы Қазақстанда жолаушылар локомотивтерін өндіруді бастады
Press contact - Western and Central Asia
Aizhan Aldabergenova
Send an email2019 жылғы 29 мамыр – Alstom компаниясы Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы «Электровоз құрастыру зауытында» (ары қарай - ЭҚЗ) Prima M4 “KZ4AT” жолаушылар электровоздарын өндіруді бастады. Аталған локомотивтер ҚТЖ-мен (Қазақстан темір жолы) жасалған Prima T8 “KZ8A” 302 электровозын және Prima M4 “KZ4AT” 119 электровозын жеткізуге және оларға қызмет көрсетуге арналған келісімшарт шеңберінде өндіріледі. Alstom компаниясы жаңа өндірістік желіде жұмыс істеу үшін штатын 35 адамға кеңейтуді жоспарлап отыр.
Alstom Қазақстан үшін Prima T8 “KZ8A” және Әзербайжанға экспорттау үшін “AZ8A” жүк локомотивтерін салуды, борттық трансформаторларды өндіруді қоса алғанда, ЭҚЗ-дағы өндірістік желілерді кеңейтеді; сондай-ақ қазіргі уақытта Prima M4 жолаушылар локомотивтерін жинау басталды.
“Біз Қазақстанда жолаушылар локомотивтеріне арналған жаңа өндірістік желіні іске қоса отырып, қызметімізді кеңейтіп жатқанымызды мақтан тұтамыз, ол елді индустрияландыру бағдарламасын әртараптандырады. Алғашқы жолаушылар локомотиві 2019 жылдың соңына қарай дайын болуға тиіс, содан кейін оған жаңа өнім ретінде «Қазақстанда жасалған» деген сертификаттауды алу қажет. Біз Орталық Азияда экспорттық тұғырнамаға айналуға ұмтыламыз. Қазірдің өзінде ҚТЖ осыған ұқсас 20 Prima M4 локомотивін пайдаланып жатыр және олардың жүрісі 15 млн. километрден астамды құрайды, бұл теңдессіз қолжетімділігі мен сенімділігін көрсетіп отыр», – деді Alstom-ның Қазақстандағы басқарушы директоры Гийом Триттер.
Аталған көпбейінді локомотив операторларға жолаушылар тасымалы үшін неғұрлым лайықты шешімдерді ұсынуға арналған Alstom Prima модульдік тұғырнамасына негізделеді. Пайдалану тұрғысынан бұл – әлемдегі ең әмбебап электровоздардың бірі. Жолаушыларды тасымалдау кезінде осы локомотив сағатына 200 километрге дейінгі жылдамдықты дамыта алады, ол -50С-тан + 50С-қа дейін төтенше ауа райында жұмыс істеу үшін жобаланған. ҚТЖ-ның техникалық талаптарына және МЕМСТ[1] стандарттары мен ерекшеліктеріне сәйкес әзірленген локомотивтің Alstom технологиясына және Alstom мен Трансмашхолдинг әзірлеген құрамдастарға негізделген қазіргі заманғы жетек жүйесі бар.
Alstom мен Трансмашхолдингтің[2] бірлескен кәсіпорны ЭҚЗ-да 550-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Кәсіпорын ҚТЖ-ның тапсырысы бойынша Prima электровоздарын жеткізумен және оларға қызмет көрсетумен айналысады. Қазіргі таңда Қазақстанның теміржол желілеріндегі өнеркәсіптік пайдалануда қазірдің өзінде 50 жүк және 20 жолаушылар локомотиві бар.
Alstom компаниясының Қазақстанда 650 қызметкері жұмыс істейді, екі бірлескен кәсіпорны және екі өндірістік объектісі, борттық трансформаторларды өндірумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭҚЗ және бағыттамалық жетектерді өндірумен айналысатын Алматы қаласындағы ҚЭЖ бар. Alstom Орталық Азия және Кавказ өңірінде электровоздар мен бағыттамалық жетектерді жалғыз өндіруші, сондай-ақ теміржол саласын жаңартуға және экономиканы дамытуға негізгі үлес қосатын компания болып табылады.
[1] МЕМСТ: ТМД стандарттары
[2] ЭҚЗ: Alstom – 75%, Трансмашхолдинг – 25%