ЭҚЗ: Қазақстандағы Электровоз Құрыстыру Зауыты

EKZ: Electric locomotives Manufacturing Plant
Қазақстандағы ЭҚЗ-ға хабарласыңыз
EKZ. Industrial park
A184 St.10 bld.
Astana, Kazakhstan
010000

kz.ekz-info@alstomgroup.com
+7 (7172) 93 85 10

Alstom компаниясы қазақстандық теміржолдар үшін электровоздарды өндіру жөніндегі зауыт – ЭҚЗ құрылысына алғашқы тасты қалап, Қазақстанның теміржол нарығын 2010 жылдан бастап игере бастады. ЭҚЗ 2012 жылы ашылды, ал 2014 жылы Әзербайжан теміржолы (ADY) үшін 40 Prima T8 "AZ8A" жүк локомотивін жеткізуге қосалқы мердігерлік шартын алды. Өңірде электровоздарды жалғыз өндіруші бола отырып, ЭҚЗ нақты бизнес-стратегияны әзірледі және 2022 жылғы наурызда кәсіпорын 100% Alstom меншігіне ауысты.

2023 жылғы маусымдағы жағдай бойынша ЭҚЗ-да ҚТЖ тапсырыс берген Prima электровоздарын жеткізумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын 700-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

“ЭҚЗ толық циклді локомотивтер шығаратын зауыт және біздің талантты қызметкерлеріміздің арқасында Орталық Азияның мобилділік нарығында жетекші рөл атқарады. Біз бәріміз бірге тұтынушыларымызға озық өнімдерді жеткізуге тырысамыз".

Лоран Базен

ЭҚЗ бас директор

  • 700+
    ден астам қызметкерлер
  • 35,000
    м2 өнеркәсіптік аймақтың ауданы
  • 6
    өндірістік цехтар
PRIMA M4 KZ4AT
KZ4AT жолаушылар электровоздары

"ЭҚЗ"-да мынадай 4 негізгі жоба іске асырылып жатыр: KZ8A, KZ4AT, AZ8A және тартқыш трансформаторлар мен тартқыш түрлендіргіштері. "ЭҚЗ" – бұл өндірісі бар, жергіліктендірілген және техникалық қызмет көрсететін толық циклді зауыт. "ЭҚЗ" өндірген тартқыш трансформаторлар мен тартқыш түрлендіргіштері оның локомотивтеріне орнатылады әрі өндіріспен, жергіліктендірумен және техникалық қызмет көрсетумен экспортқа жеткізіледі.

Өндіріс алаңы мынадай 4 негізгі блокты қамтиды: қойма, әкімшілік үй-жай, өндіріс және айналдыратын шеңбер. Ең ауқымды аймақ индустрияландыру, болатты пісіру, бояу, кабельдерді төсеу, орау, монтаждау, сынақтар, пайдалануға беру, кепілдікті және техникалық қызмет көрсету сияқты 10 маңызды кезеңді қамтитын өндіріс үшін бөліп берілген. 10 сатылы мұқият тексеруден кейін ғана "ЭҚЗ" өнімдері тұтынушыларға жеткізіледі.

PRIMA M4 KZ4AT
KZ8A жүк электровоздары
  • 250
    KZ8A жүк электровоздары Қазақстан үшін жасалуда
  • 119
    KZ4AT жолаушылар электровоздары Қазақстан үшін жасалуда
  • 40
    AZ8A жүк электровоздары Әзірбайжанға экспортталды
  • Prima T8 жүк локомотивтері

    • ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) үшін 250 “KZ8A” локомотив жасау
    • ADY (Әзірбайжан темір жолы) үшін 40 “AZ8A” локомотив жасау

  • Prima M4 жолаушылар локомотивтері

    Prima M4 жолаушылар локомотивтері

    • ҚТЖ үшін 119 “KZ4AT” локомотивін жасау

  • Құрамдас бөліктер: тартқыш трансформаторлар

    • Өнімділік: жылына 100 трансформатор
    • Толық өнімділік деңгейінде 100 қызметкерді жалдау қажет

  • Құрамдас бөліктер: тартқыш жүйелері

    Құрамдас бөліктер: тартқыш жүйелері

    ЭҚЗ жүк және жолаушылар электровоздарына арналған тартқыш жүйе шкафтарының 9 түрін шығарады
    • Өнімділік: жылына 620+ шкаф
    • Толық өнімділік деңгейінде 70 қызметкерді жалдау қажет

ЭҚЗ-дағы жұмыс

ЭҚЗ – бұл он жылдан астам тарихы бар кәсіпорын. Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі, біз дамуды, жаңа цехтарды ашуды, жаңа өнімдерді іске қосуды жалғастырудамыз. ЭҚЗ-да жұмыс істей отырып, сіз ең заманауи технологияларды дамытатын және тарататын Alstom кәсіпорындарының жаһандық желісінің бір бөлігіне айналасыз.

Біз жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді дамытып, басшылық лауазымдарға жылжытуға тырысамыз, бірақ біз әрқашан бірінші дәрежелі мамандарды сырттан тартуға қуаныштымыз. Тәжірибеңіз бен мансаптық мақсаттарыңызға қарамастан, бізге өзіңіз туралы айтып беріңіз.

Халықаралық бизнестің бір бөлігі бола отырып, ЭҚЗ тұрақтылықты, сондай-ақ Alstom компаниялар тобының ішінде кең мансаптық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Ашық позициялар туралы көбірек біліңіз. Дәл қазір жауап беріп, Alstom-дағы саяхатыңызды бастаңыз.

jobsearch.alstom.com   Қазақстандағы бос жұмыс орындары 

A major contributor to the rail industry in the region

Alstom Қазақстанда

Read more

ЭҚЗ үшін жеткізуші болыңыз

Егер сіз өз компанияңызды біздің сатып алу бөліміне ұсынғыңыз келсе, төмендегі веб-форманы толтырыңыз 

ISO 9001 сертификаты
IRIS сертификаты
One file only.
1000 MB limit.
Allowed types: gif, jpg, png, bmp, eps, tif, pict, psd, txt, rtf, html, odf, pdf, doc, docx, ppt, pptx, xls, xlsx, xml, avi, mov, mp3, ogg, wav, bz2, dmg, gz, jar, rar, sit, svg, tar, zip.